Амангелді ауданы - қазақ халқының тарихында айрықша орны бар қасиетті өлке. Биылғы жылдың 17 қаңтарында ауданымыз 98 жасқа толады. Еліміздің тарихы сонау 1928 жылы «Батпаққара» атауымен басталса, кейін халық батыры Амангелді Имановтың құрметіне 1936 жылы қазіргі атауына өзгертті. Содан бері ауданымыз тарихтың көптеген белестерінен өтті.

16.01.күні Амангелді ауданының құрылған күніне орай, Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара барысында батыр атындағы музей ұжымы халық назарына аудан тарихына байланысты фото және заттай көрме ұсынған болатын. "Амангелді ауданына - 98 жыл атты көрмеде аудан тарихымен орайластырылған тарихи ғимарат суреттері, ауданымыздың 80ші 90шы жыл мерейтойлары және Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы, А.Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралардың фото-суреттері , аудан тұрғындары әр жылдары пайдаланған заттары, 1984 жылы салынған "Есір көпірінің символдық кілті", ауданымыздың I хатшылары пайдаланған телефон, тағы да басқа жәдігерлер қойылды.