А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) 1969 жылы 9 желтоқсанда ҚазКСР Министрлер Кеңесінің өкімімен құрылды. Ол Советская көшесіндегі (Қазіргі Дулатов көшесі) шағын саман үйіне орналастырылды. 1976 жылы аудан жұртшылығымен, аудандық партия комитеті мен атқару комитетінің қолдауымен қазіргі Майлин көшесі №17 үйдегі ғимаратқа қоныс аударған.
Мекеме "Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының кейбір коммуналдық мекемелерін қайта атау туралы"Қостанай облысы әкімінің 2013 жылғы 12 қазандағы № 438 қаулысымен мемлекеттік мекемеден коммуналдық мемлекеттік мекеме болып өзгертілді.
Мекеменің құрылтайшысы және уәкілетті органы "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Мұражай ғимараты екі қабатты, 4 экспозициялық және 1 акт залынан, 3 жұмыс кабинетінен және қор қоймасынан тұрады. Мұражай өзінің профилі бойынша 1916-1917 жылдардағы Торғайдағы ұлт – азаттық көтерілістің жетекшісі А.Имановтың өмірі мен қызметіне арналған мемориалға жатады. Мұражайдың 4-ші залы аудан тарихына арналған. Алғашқы экспонаттар саны – 235, қазіргі уақытта – 5808.
Мұражай өз қызметін құрылтайшы бекіткен перспективалық жоспарлар негізінде, мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да жоспарларды іске асыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.Мұражай қорына қабылданған мұражай заттары ғылыми сараптамадан өтіп, арнайы кітапқа тіркеледі.