Ұлы Отан соғысының майдангерлері
Қ.Телжанов. «Аманкелді ұрыс сәтінде». Холст,ағаш.
240х185 см.
Көтеріліс туы. ХХғ. Реконструкция. «Сарбаз сардары Аманкелді батырдың туы».(Араб төте жазу қарпімен жазылған) Жасанды жібек мата, тігу. Түсі – қызыл 185х104 см.
Төсекағаш. ХІХ ғ.с А.Имановтың анасы Қалампырдың төсекағашы. Ағаш, нақыш, өрнек, қол жұмысы. 190 см х 100 см.
1982 жылы Құмкешу ауылынан табылған қола дәуір жәдігерлері
Қоғам қайраткері, жиһанкез Сапар Искаковқа арналған бұрыш
- С.Искаковтың 2005 жылы алған «Алтын адам» жыл адамы статуэткасы.
- Халықаралық спорт және туризм Академиясының академигі мантиясы.
- Әлем мемлекеттерін аралағанда пайдаланған фото және бейнекамералары.
- С. Ысқақовтың Ил-76 сынақ ұшағында космостық салмақсыздық сынағындағы киген скафандры.
- Баспа бетінен жарық көрген еңбектері.
Аудан тұрғындарының әр жылдары музейге тапсырған бұйымдары
Көрік. ХХғ.б. Көтерілісшілерге арнап қару-жарақ соққан ұста Оразбай Аманбайұлының көрігі
Мылтықтар -1916 жылғы көтеріліс қарулары. ХХ ғ.б. Металл, ағаш, қол жұмысы
Қылыштар. ХХ ғ.б. Металл, ағаш, соғу
Қанжар. ХҮІІІ ғ.с. Тілеулі батырдың қаруы. Металл, ағаш, құйма, нақыштау. 45.6 см. 1986 жылы Батырбеков Тайжан тапсырған.
Кісе белбеу. ХХғ.б. А.Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісте мыңбасы болған Әлжан Қарабайұлының кісе белбеуі. Былғары, күміс,шекіме. 120 см.