Әбдіғаппар Жанбосынұлының туғанына 155 жыл толуына орай Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 9-10 сынып оқушыларына музей сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты - ел тарихында өшпес із қалдырған көтеріліс басшысының өмірі мен қызметін жас ұрпаққа терең таныстыру, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды. Музей сағаты барысында Журналист Бауыржан Бөгенбайдың 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі жайлы түсірілген деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Әбдіғаппар Жанбосынұлының ел тәуелсіздігі жолындағы күресі, Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қосқан үлесі кеңінен баяндалды. Оқушылар тарихи деректермен,ақпараттық слайд арқылы танысып, оның ұлт үшін жасаған еңбектеріне қатысты тың мәліметтер алды. Іс-шара соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Тарихи тұлғаның өмір жолынан алған тағылымдары туралы ой бөлісті. Мұндай танымдық шаралар оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | ӘБДІҒАППАР Жанбосынұлы |









