Ғалым, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, саяхатшы, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына - 190 жыл. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Шоқан Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия мен Ресейде ғылым мен ағартушылықтың дамуына үлкен ықпал етті. А.Иманов музейі жас ұрпаққа ғалымның ғылыми және рухани мұрасын дәріптеу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемориалдық музейімен бірлесіп, «Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі» тақырыбындағы виртуалды экскурсия ұйымдастырды.
Виртуалдық экскурсияны 2025 жылдың қараша айының 20 - 21 күндері күні Тасты ауылындағы Тасты жалпы білім беретін мектебінің және Амангелді орта мектебінің оқушылары тамашалады.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/530-sh-u-likhanovty-miri-men-yzmeti-ta-yrybynda-y-virtualdy-ekskursiya-jymdastyrdy.html#sigFreeId06ea7ae7e0









