Музей қызметкерлері 2024 жылдың маусым айының 21 - і күні «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобаны басшылыққа ала отырып, Қостанай облысы, Амангелді ауданының киелі жерлерінің картасына енген 1916 жылғы Торғайдағы Ұлт - азаттық көтерілістің батыры, атақты қолмерген. Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының Тасты ауылындағы кесенесіне «Ер Кейкі - Елдің есінде» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырды. Іс - шараға Қостанай қаласынан арнайы экспедициямен келген Қостанай облыстық тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері және Тасты ауылы тұрғындары қатысып, музей әдіскері Ж.Досбергенов Кейкі батырдың өмір жолы және Кесененің салыну тарихы жөнінде тақырыптық экскурсия жүргізді.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/451-er-kejki-eldi-esinde-atty-ta-yrypty-ekskursiya-tkizildi.html#sigFreeId3b4e3389c7