Амангелді ауданы Тойтөбе қорымында Амангелді ауданында туған, Амангелді АӘК-нан шақырылып 258 атқыштар полкі, 140-атқыштар дивизиясында қызмет атқарған, 1943 жылдың 8 шілдесінде ерлікпен қаза тапқан, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза болған Кенес әскерінің жауынгері Әлмағанбет Бекжанұлының рухына тағзым етіп, аза тұтты. Денесі Курск облысының Поныр ауданында жерленген. Биылғы жылдың мамыр айында жиен немересі Дауылбаев Есім Жетпісбайұлы мен немересі Нұрлан Бекжанов арнайы Поныровский ауданына барып, бауырластар зиратындағы жауынгерлерді еске алып, қазақ жауынгеріне арналған рәсім өткізді. Атасының қабірінен бір уыс топырақ бұйырып, туған жеріне әкеліп, жерленді. Рәсім барысында аудандық мешіттің бас имамы Жандарбек қажы Мүбаракұлы құран бағыштады. Іс-шара кезінде А.Иманов музейінің басшысы С.О.Туленовке марқұмның әскери дулығасы мен Әлмағанбет Бекжанов енген, Курск облысынан шыққан «Книга памяти» жинағы тапсырылды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/297-erlik-mytylmajdy.html#sigFreeId923689cd5c