Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Конституция – бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады.
А. Иманов музейінде 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Заң – халықтың қорғаны» атты көрме ұйымдастырылды. Іс – шара барысында Амангелді ауданында заң саласында қызмет жасаған ардагерлер жайлы музей қорындағы құжаттары таныстырылып, мәлімет беріліп өтті.