9.09 күні А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ауданымыздағы туристік кешенінде алғаш болып мемориал ашылды. Онда Торғай топырағында туып, ұлт үшін тер төккен ұлы тұлғалардың есімдерінен ерекше үлгідегі 12 белгі тас қойылды. Яғни, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.Иманов, Ә.Жангелдин, Нұрмағанбет (Кейкі) Көкембайұлы, М.Дулатов, Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов, Әбдіғапар Жанбосынұлы, Иман батыр Дулатұлы, Қошқар батыр, Жәуке батыр, Шақшақ Жәнібек бабаларымыз ұлықталды.
Мемориал кешеніндегі тарихи тұлғалардың өмірі жайлы музей басшысы Туленов Сахан экскурсия жүргізіп, аталған іс-шараны насихаттау үшін арнайы келген Хабар - 24 каналына сұхбат берді. Тағдырдың жазуымен туған жерден топырақ бұйырмаған соң ұрпағы қабірінен бір уыс топырақ әкеп осы мемориалға салды. Ата бабаға арнап құран бағышталды.
Қазіргі кезде облыстың ең танымал жерлеріне кіріп отырған мемориал өскелең ұрпаққа, отанын сүюге, туған жерге, ұлтқа қызмет етуге тәрбиелейді. Және туризм саласына да тың серпін беретіні анық.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/293-turisttik-keshendegi-nysanny-ashyluy.html#sigFreeIdf0de585822