#Qazaqstan30 Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында туған өлке тарихына сүйіспеншілікпен қарайтын, зерттеу-зерделеу жұмыстарымен айналысып жүрген дарынды оқушыларды анықтау, дамыту, қолдау мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ер есімі – ел есінде» жобасын іске асыру үшін аудандық білім бөліміне қарасты «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Руханият» үйірмесі мен А.Иманов атындағы мемориалдық музейі «Тарих.Тұлға.Тағылым» атты бірлескен аудандық ғылыми конференция өткізді. Іс-шарада алдын ала берілген конференцияның ережесіне сәйкес, аудан мектептерінен қатынасқан 13 оқушы елі үшін құрбан болған, өз заманында ерлік көрсетіп, елін жерін жаудан қорғаған Торғай өңірінен шыққан бұрын аз зерттелген батырлар жөнінде баяндамалар жасады. Конференцияға Амангелді ауданы білім бөлімінің «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының басшысы Ербол Қойшыбаев және Амангелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Дауылбайұлы және ардагерлер мен мектеп тарихшылары қатысты. Зейнеткер, мемлекеттік қызмет ардагері Б.Нұрсейітов мектеп оқушыларына сәттілік тілеп, ардагер-ұстаз С.Жұмағұлов Торғай жерінен шыққан атақты батырлар жөнінде деректерімен бөлісті. Іс-шараны музей басшысы С.Оңжанұлы жүргізіп, мектеп оқушыларын сапалы дайындағаны үшін аудан мектептерінің ұстаздарына білім бөлімінің Алғыс хаттары мен конференцияға қатысқанның растайтындығын сертификаттарды «Шұғыла» орталығының басшысы Е.Қойшыбаев табыс етті.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/251-tarikh-t-l-a-ta-ylym-atty-audandy-ylymi-konferentsiya.html#sigFreeId3b137926d2