Бүгін А.Иманов атындағы мемориалдық музейде, Кейкі батырдың туғанына 150 жыл толуы мен Тәуелсіздік Күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ер Кейкі – елдің есінде» атты байқау қорытындысы жарияланды. «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Руханият» үйірмесі және музей қызметкерлері өткізген бұл шарада мектеп оқушылары эссе, поэзия, сурет пен мүсін, қолөнер, бейнебаян бағыттарында бақ сынады. Батыр бабамыздың есімі мен ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, талантты оқушылардың талабын ұштап, қолдау мақсат еткен бұл байқауға тек үйірме мүшелері ғана емес, бірнеше мектептен тілек білдірген оқушылар қатынасты. 40- қа жуық оқушы жұмыс ұсынған байқау қорытындысы бойынша: Сейілбеков Айбек, Дүйсенбаева Жансая, Кенжеғалиева Төлеу, Әбілқасым Қуанышгүл, Қарашова Аружан, Қабдрашова Марал 1-ші орынға лайық деп танылды. Жүлделі 2-ші орынға ие болғандар: Кенжалин Досхан, Карбоз Нұрсая, Ануарова Маржан, Айтмағамбетова Раушан, Тұрсынова Көркем. Сол сияқты Әбдіғалым Қарақат, Борашов Ерғұлан, Мейрамхан Лунара, Таңатова Айдана 3-ші орынның иегерлері атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге , қатынасушыларға Білім бөлімінің дипломдары мен Алғыс хаттары және Құлан Кейкі батырдың ұрпағы, танымал кәсіпкер Таңатар Ахметовтың демеушілігімен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.