30.10.2020 ж. А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейіне «Жалын «Жангелдин аудандық Жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Шежірелі өлке – Торғайым» жоба тақырыбы бойынша ғылыми-экспедициясы келді. Ғазизов Жәнібек Қуанышқалиұлы, Қами Жасұлан Асқарұлы, Жақсылықова Меруерт Қуанышқызы бастап келген, құрамында Жангелдин ауданының ерікті жастары бар экспедицияның мақсаты – ерікті жастарға Торғай - Амангелді ауданының тарихи орындары мен көрікті жерлеріне экскурсия жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Торғай маңындағы Тәуіш ауылындағы Татыр көліне, Тасты ауыл маңындағы Кейкі батыр кесенесіне, Амангелді ауданының киелі орындары мен көрікті жерлерін аралап, батыр атындағы музейдің экспозициялық залдарымен танысты. Экскурсия соңы алғыс білдіріп, естелік суретке түсумен жалғасты.