Амангелді Имановтың мемориалдық музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Ата заң-ел тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шара барысында Ата Заңның ел өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен сөз қозғалды. Қатысушылар Конституция – мемлекеттіліктің берік негізі, ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, құқықтық сауаттылықты арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру жөнінде пікір алмасты.