Бүгін жиһанкез,кәсіпкер,меценат Сапар Ысқақұлы Ысқақовтың туған күні. Жерлесіміз 85 жасқа толып отыр. Сапар Ысқақұлы Ысқақов бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауылында 1941 жылдың 5 тамызында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Инженер-құрылысшы болып басталған оның еңбек жолы еліміздегі түрлі деңгейдегі құрылыс саласында жалғасып,басшылық қызметтер атқарған. 1991 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнеске араласқан. 1998 жылы елордаға қоныс аударып, Астана құрылысына өз қолтаңбасын қалдыруды мұрат етті. Бұл орайда жетістіктері жетерлік.
2005–2006 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында екі рет «Жыл адамы» – «Алтын Адам» атағын, «Астананың іскер адамы» 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу) атақтарын иеленген. Ресейдің «Держава», Ұлыбританияның «Королева Виктория» атындағы, Швейцарияның халықаралық «Алтын медаль» ордендерін иеленді.
Халықаралық меценаттар, Халықаралық туризм және спорт академияларының академигі. Әлемнің алты құрлығының 100-ден астам елін аралаған жиһанкез. 2008 жылы жер шарының оңтүстік полюсі саналатын Антарктидаға барып, Қазақстанның көк байрағын желбіретіп қайтты.
Сапар Ысқақұлы – Мәскеудің 850 жылдығы атындағы саябақтың «Ұлт мақтанышы» атты меценаттар аллеясына есімі жазылған жалғыз қазақ. Сапар Ысқақұлы – туған жеріне деген сүйіспеншілігін іс жүзінде көрсете білген азамат. Туған өлкесіне жасаған ең үлкен сыйының бірі – Амангелді ауданынында салынып жатқан туристік кешен.
Сізді 85 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Саналы ғұмырыңызды ел игілігіне, туған өлкенің дамуына арнап, адал еңбек пен өнегелі өмірдің жарқын үлгісін көрсеттіңіз.Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Мерейтойыңыз құтты болсын!