28 мамыр күні Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі композитор, жерлесіміз Қалибек Деріпсалдин атындағы «Көктем қыздар» атты әншілердің республикалық байқауы өтті.
Өнер додасына Павлодар, Маңғыстау, Шымкент, Астана, Қостанай және Арқалық қалаларынан келген талантты әншілер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқаудың ерекшелігі — қатысушылардың баян аспабымен жанды дауыста ән орындауы болды.
Республикалық байқау аясында Амангелді Имановтың мемориалдық музейі арнайы көрме ұйымдастырып, көрмеге Қалибек Деріпсалдиннің жеке заттары қойылды. Көрермендер қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлермен танысты.
Ұлттық өнерімізді ұлықтаған тағылымды шара көпшілікке ерекше әсер сыйлады.