Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Еңбек адамы», «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастама аясында еңбек адамдарын дәріптеу, олардың адал еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында елімізде көптеген маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.Бұл игі бастамалар 2026 жылы да өз жалғасын табуда. Соның бір айқын дәлелі — 30 сәуір күні аудан тұрғыны, Есір ауылдық клубының әдіскері Б.Тұрысбекұлының өзі шығарған «Елімнің Еңбек адамы» атты кітабын Амангелді Имановтың мемориалдық музейі қорына тапсыруы.