Бүгін музыкант-ұстаз, Торғай өңірінде тұңғыш «Жарастық» отбасылық ансамблін құрған Қажығалиев Бәшариннің туғанына 90 жыл.Осы атаулы датаға байланысты жерлесіміздің өнегелі өмір жолы мен өнердегі қолтаңбасын кеңінен насихаттау мақсатында музейдің әдіскері Ж.Т.Досбергенов
«Өнерлі ұстаз – ұрпаққа үлгі» тақырыбында танымдық дәрісті жалпы білім беретін Б.Қолдасбаев атындағы орта мектебінің оқушыларына ұйымдастырды.
Дәріс барысында Қажығалиев Бәшариннің ұстаздық қызметі, музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі, ұлттық өнерді ұлықтаудағы еңбегі жан-жақты айтылып, оның шәкірт тәрбиелеудегі рөлі ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға өнер иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылып, «Жарастық» ансамблінің және «Достық шұғыласы» атты фольклорлық этнографиялық ансамбль құрылу тарихы мен жетістіктері таныстырылды.