Ыбырай Алтынсариның туғанына - 185 жыл толуына арналған облыстық ғылыми - практикалық конференцияда музей қызметкері баяндама оқыды
Бүгін жалпы білім беретін Амангелді орта мектебінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариның туғанына - 185 жыл толуына арналған "Ы.Алтынсаринның ағартушылық идеяларының қәзіргі білім беру жүйесіндегі сабақтастығы" тақырыбындағы Zoom форматында облыстық ғылыми - практикалық конференция өтті. Аталған шарада музейдің әдіскері Ж.Т.Досбергенов "Қалдырған ізің мәңгілік" тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада Ыбырай Алтынсаринның бай мұраларын насихаттауға музей қызметкерлерін қосқан үлесі және ауданымыздағы білім беру саласының даму тарихы, "Ы.Алтынсарин төсбелгісі" иегерлері туралы мәліметтер ұсынылды.









