I ғасырға жуық тарихы бар Амангелді ауданы 17 қаңтар күні, осыдан 98 жыл бұрын, «Батпаққара» атауымен 1928 жылы құрылды.
Жыл сайын мереке күні Амангелді ауданының тарихын дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беру және аудан тарихына байланысты музей экспонаттарын насихаттау мақсатында түрлі бағытта іс-шаралар музейде өткізіліп келеді. Биыл да, мереке қарсаңында музей қызметкерлері жалпы білім беретін Амангелді орта мектебінің оқушыларына музей экспозицияларындағы өткен ғасырлардағы туған өлке тарихымен тығыз байланысты экспонаттарды таныстырып, музей залдарына экскурсия жүргізілді. Экскурсиядан соң, аудан үшін маңызды оқиғалар, қилы кезеңдер, әр түрлі сала бойынша туған өлкеміздің дамуына үлесін қосқан азаматтар туралы мәліметтер ұсынылған «Амангелді - батырлар елі, береке мен бірліктің мекені» тақырыбындағы дәрісті әдіскер Ж. Досбергенов оқыды.
Іс-шара соңында мектеп оқушылары Амангелді ауданын туған күнімен құттықтап, игі тілектерін білдірді.
Құрметті әлеуметтік желі оқырмандары, және аудан халқы, қонақтары! Сіздерді Амангелді ауданының құрылғанына 98 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман, ауданымыз көркейе берсін! Береке-бірлік, өсіп-өркендеу, жарқын болашақ тілейміз!
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/535-amangeldi-batyrlar-eli-bereke-men-birlikti-mekeni-ta-yrybynda-y-d-ris-o-yldy.html#sigFreeIddc9423412c









