11.12 күні Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Желтоқсан хронологиясы» атты танымдық бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын терең түсіндіру, ұлт тарихындағы шешуші кезеңдер туралы оқушылардың білімін кеңейту және тәуелсіздік жолында батылдық танытқан қазақ жастарының ерлігін дәріптеу болды.
Бейнеролик барысында оқушылар Желтоқсан көтерілісінің басталу себептерін, жастардың бейбіт шеруінің қалай өрбігенін, оқиғалардың хронологиялық реттілігі мен сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалды жан-жақты көре алды. Сонымен қатар, бейнематериалда сол жылдары ел тағдыры үшін алаңға шыққан жастардың азаматтық ұстанымдары мен олардың ерлікке толы әрекеттері кеңінен қамтылды.
Іс-шара оқушыларға тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін, әр кезеңде ел үшін күрескен ұрпақтың қайсарлығы мен табандылығын ұғындыруға бағытталды. Бейнероликтен кейін оқушылармен қысқаша пікірталас ұйымдастырылып, олар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.









