Бүгін, Ардагер жазушы, майдангер журналист, көрнекті қоғам қайраткері Сапабек Әсіповтың туғанына – 100 жыл толды. Өмір жолы шығармашылық толы жазушы 1925 жылы 12 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Бүгінде жерлестері Қазақ елінің бірлігі мен келісіміне, қазақ жерінің тұтастығына жасаған орасан зор еңбегін ұмытпай, өскелең ұрпаққа жасаған игілікті істерін насихаттап келеді. Туған жеріндегі Амангелді ауданындағы көпфункционалды туристік кешендегі «Жад» қабырғасында есімі жазылып, А.Иманов атындағы мемориалдық музейдің экспозициясында тұр. Жазушының туған күніне орай музей қызметкерлері Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінінің 7 сынып оқушыларына «Сапабек Әсіпов – ұлт жанашыры тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Мақсаты: оқушыларға отансүйгіштік пен азаматтық ұстанымды насихаттау арқылы, жазушының ұлт мәдениеті мен тіліне қосқан үлесін дәріптеу. Шара барысында Сапабек Әсіповтың өмірі мен еңбек жолы, тіл, мәдениет, тарих мәселелері мақалалары мен кітаптары жөнінде деректер айтылды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/525-sapabek-sipov-lt-zhanashyry-ta-yrybynda-a-paratty-sa-at-tkizildi.html#sigFreeIdf4531ad9b2









