2025 жылы Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды, бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен шешім қабылданды. Еңбек адамдарын Амангелді ауданы халқы әрдайым құрмет тұтады. Оған дәлел Амангелді ауданының тарихындағы аудан азаматтарының алған ең жоғары марапаттарының бірі: «Социалистік Еңбек Ері атағы» болып табылады. 1948 жылы Аманкелді ауданынан 14 адам КСРО Жоғары Кеңесі Президиуымының Жарлығымен «Социалистік Еңбек Ері» атағын иеленді. Ал 1976 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағы Тарғынбек Тілеулинге берілді. Еңбек ерлері жүргізуші, колхозшы, есепші т.б кеңестік кезеңдегі қоғамға ең қажетті жұмысшы мамандықтарды игерген болатын. Сондықтан да, еңбектің жарқын бейнесін көрсеткен еңбек адамдарының еңбек жолдарын бүгінгі ұрпақ ұмытпайды. Қәзіргі уақытта аудан орталығында «Еңбектің ерен ерлері – ел есінде» атты еңбек ерлеріне арналған ескерткіш тақта 2015 жылы орнатылған. Музей қызметкерлері Еңбек ерлерінің еңбек жолдарын жас ұрпаққа үлгі ету және елі үшін елеулі еңбек еткен ерлердің есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында Амангелді ауданындағы орта мектептеріндегі жазғы лагерь оқушыларына 02.06 – 24.06 аралығында аталған ескерткіш тақтаға «Ер дәулеті – еңбек», «Еңбек ел көген» атты тақырыптық экскурсиялар өткізілді.