2025 жылдың 30 сәуірінде, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай А.Иманов атындағы музейде «Бір шаңырақ астында» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, көпшілікке таныстырылды.
Көрменің басты мақсаты – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін, татулығын және ортақ мәдени құндылықтарын насихаттау болды. «Бір шаңырақ астында » көрмесінде әр түрлі этностардың тұрмыстық бұйымдары, киімдері, қолдандаған заттары, фотосуреттер мен тарихи деректер қойылып, оқушыларға Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен бірлік идеясы кеңінен таныстырылды.
Шараға жергілікті тұрғындар, оқушылар қатысып, көрмеден мол рухани әсер алды. Көрме ел бірлігін ұлықтап, татулық пен ынтымақты дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/511-1-mamyr-aza-stan-khaly-taryny-birligi-k-nine-oraj-bir-sha-yra-astynda-atty-k-rme-jymdastyryldy.html#sigFreeId6f26fdb7f8