Еңбек адамы
Баймолдин Нури Баймолдаұлы 15 маусым 1939 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Еңбекші ауылдық округінде көп балалы отбасында дүниеге келді.
1947 жылы Жасбуын мектебінің табалдырығын алғаш аттап, 1955 жылы 8 сыныптық білім туралы аттестат алды. Сол жылы техникалық кәсіптік училищесіне оқуға түсіп, 1956 жылы аяқтады.
Нури Баймолдаұлы Абай совхозына тракторист болып орналасты. 1960 - 1963 жылдарында Кеңес одағының әскер қатарына шақырылып, Семей полигонында борышын өтеді. Елге оралғасын 1963 жылдың желтоқсан айында Балқиямен шаңырақ құрып, жеті баланы дүниге әкелді. Сол жылы Коммунизм жолы совхозына тракторист болып жұмысқа орналасты.
1967 жылы Коммунизм жолы совхозына товарлы сүт фермасына бақташы болып орналасты. Зейнеткерлікке шыққанша бақташы болып еңбек етті.
Нури Баймолдаұлы адал және көпжылғы табысты еңбегі үшін бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық мақтау қағазымен, “Еңбек озаты” төс белгісімен марапатталды.
2019 жылы 6 қаңтарда дүниеден өтті. Қазіргі уақытта Баймолдин Нури Баймолдаұлының жиырма немере, жиырма жеті шөбере, екі шөпшек өсіп жатыр.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/509-bajmoldin-nuri-bajmolda-ly.html#sigFreeId323c5c0b88