2025 жылдың 18 сәуір күні тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және қорғау мақсатында А.Иманов атындағы музейде «Музей және ерекше әлем» жобасы аясында «Амангелді ауданының психологиялық түзеу кабинеті» мекемесі оқушыларына «Ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбында  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күніне арналған тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларға тарихи ескерткіштердің мән-маңызын түсіндіру, оларды қорғауға, сақтауға деген жауапкершілік сезімін ояту және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды. Музей қызметкері Қарлығаш Әлібекқызы алдымен музейдің тарихына тоқталды. Музей бес экспозициялық залдан құралғанын атап өтіп, онда қойылған құнды жәдігерлерге шолу жасады. Бұдан соң шара қатысушыларына музей аумағындағы «Еңбектің ерен ерлері – ел есінде» Социалистік Еңбек ерлеріне арналған ескерткіш тақта маңына жиналып, құрмет көрсетіліп, 1976 жылы Ұлы Октябрь революциясының 30 жылдығы құрметіне Амангелді ауданынан шыққан 14 «Социалистік Еңбек Ері» атағын алдығы жөнінде, 2015 жылы құрылып, тақтаға есімдері жазылған Алтынбаев Мырзағали, Әмзин Намазбай, Есполов Қошан, Есполов Досан, Жансапақов Қалмағанбет,Жұманов Шағыр, Қожабаев Бірәлі, Нұрғожин Мұқыш, Омаров Байбілдә, Сыздықов Әбу, Томашин Мұхамедия, Сәпиев Баяхмет, Шаяндин Бисапақ, Шайкенов Еркін, Тілеулин Тарғынбек сынды ерлер айтылып таныстырылды. Сонымен қатар, 2008 жылы салынған «Батырлар» компазициясы 1837-1847 жж болған Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан батырлар: Жәуке батыр. Иман батыр, Қошқар батыр жайында тың деректер айтылды. Мәдениетімізді, тарихымызды танып-білуге ынталы өскелең ұрпақ – еліміздің ең басты қазынасы!

Р. S. Бүгінгі таңда, аудан аумағында ресми деректер бойынша 26 тарихи-мәдени ескерткіштер, 6 киелі жерлер бар (2 өңірлік, 4 жалпы халықтық). Амангелді Иманов ескерткіші, Кейкі батыр кесенесі, Торғай геоглифтері (Үштоғай төрттағаны, Торғай свастикасы), Сатыбалды Ишан кесенесі, Құтан әулие кесенесі.