1892 жылы Торғай облысы Амангелді ауданы Рахмет селосында туған. Туған әкесі Жанқұла, руы Бердікей (Қыашақ).
Дауылбаев Шөкен Жанқұлақызы қара шаруадан парламент мүшесіне дейін өскен ауданымыздағы әйелдер арасынан шыққан тұңғыш партия, Кеңес қайраткері. Ол ұзын бойлы, қой көзді, қыр мұрынды, ақсары жүзді, сөзге шешен, шешімді, бір сөзді кісі болған. Шын есімі Рәпия. Шөкен Жанқұлақызы жолдасы Дауылбайдың атына жазылған. Ол кісіге куәлік берерде жолдасының фамилиясы кім дегенге түсінбей жарының атын атайды.Содан тегі Дауылбаева болып жазылып кеткен.
1924 жылдан бастап партия кеңес қызметкері, 1927-1949 жылдар аралығында «Шынсай», «Сартал», «Тельман», «Жаңа-ауыл», «Екпінді» атындағы ұжымшарларда төрайым болған. 1930-1932 жылдары Батпаққара (Амангелді) аудан орталығында панасыз балаларға арналған балалар үйін ашып оның меңгерушісі болып қызмет істейді. 1935 жылы Ш.Дауылбаева Қазақстан IX сьезінің делегаты болып, Қазақстан Орталық комитетінің мүшелігіне қабылданды. «ҚазАССР - іне 15 жыл» медалімен марапатталған. Сонымен қатар 1935 жылы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінде және Қазақ Орталық Атқару Комитетіне мүше болып сайланған. 1949 - 1952 жылдары «Ленин» атындағы колхозда ферма меңгерушісі болып жұмыс атқарады. 1952 жылы атаулы ферма меңгерушісі қызметінде жүргенде маусым айында қайтыс болған. Жолдасы Дауылбай 1929 жылы қайтыс болған. Артында екі бала қалған - Төлеу (1923-1962) және Жетпісбай (1929-). Қазіргі таңда аудан орталығында немере шөберелері тұрады.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/507-dauylbaeva-sh-ken-zhan-la-yzy.html#sigFreeIdb1691a8ba2