Музейде 1 наурыз - Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының - 30 жылдығына орай «Ұлттар достығы - тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік туралы түсініктерді кеңейту.
Айтулы мерекеге арнайы Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Игіліков Нұрлыбек Мағауияұлы және Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Шалқар Серікұлы мен мектептің білім алушы оқушылары қатысып, тақырыпқа сай өз пікірлерін, ойларын жеткізді. Іс - шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылуы, дамуы және қоғамдағы маңыздылығы туралы баяндалып, қатысушылар тарихымен және ұлттық бірліктің мәнімен танысты. Сонымен қатар Амангелді ауданында тұратын өзге ұлт өкілдер, құрамы, әлеуметтік экономикасы, демографиялық ахуалы жайында мәліметтер айтылды. «Бірлік түбі - береке», «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген нақыл сөздерін айта отырып, елдің бірлігін, татулығын дәріптеуге шақырды. Соңында «Татулықты ту еткен ел» атты интеллектуалдық ойын арқылы қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдерін тексерді. Бұл бөлім көңілді әрі қызықты өтті.
Барлығы бірге «Аялы алақан» әдісі бойынша достық пен ынтымақ аясында аяқталды.
Іс - шара соңын музей қызметкері Қ.Әлібекқызы алғыс білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/496-lttar-dosty-y-t-ra-tyly-kepili-d-gelek-stel.html#sigFreeIdb8b4ea7070