Бүгін, 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанстан - мәңгі есімде» атты патриоттық іс - шара өтті.
Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың ерлігін үлгі тұту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; Іс-шарада Ауған елінің орналасқан аумағы, ежелгі, орта ғасырлардағы тарихы туралы мәліметтер айтылып, XX ғасырдың 1979 - 1989 жылдары болған әділетсіз Ауған соғысы туралы бейне - роликтер, деректі фильмдер көрсетілді. Осы соғыс барысында Отан алдыңдағы борыштарын адал атқарған жерлестерімізді таныстыру үшін музейдің аудан тарихы залында фото - суреттер және деректерден құрылған «Есімде Ауған соғысы» тақырыбындағы көрме құрылды. Іс - шараға қатысқан Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына, музейге келушілерге аталған көрме таныстырылды. Бұл көрме Ақпан айының соңына дейін жұмыс істейді. Келіп, тамашалауларыңызға болады.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/491-au-anstan-m-gi-esimde-patriotty-is-shara-tti.html#sigFreeId8d88440604