2025 жылдың 5-ші ақпан күні 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа өнеге» тақырыбында тарихи-танымдық еске алу сағатын өтті.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысын Амангелді ауданының тарихымен байланыстыру арқылы Ел үшін қиын-қыстау сәтте Отанды қорғауда ерлік көрсеткен қаһармандар жөнінде мәліметтер беру.

 Іс-шарада Ұлы Отан соғысының тарихын айтумен бастап, аудан халқының соғыс жылдары майдан даласында, елде тыл жұмыстарында жасаған ерең еңбектері, соғыс туралы әндер, музейдегі ҰОС жылдарындағы экспонаттар тарихы баяндалды. Сонымен қатар, «Үрпек ауылында Қайсар қарт барлаушы тұрады» атты жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрхан Тәукенов жөнінде түсірілген бейне-ролик көрсетілді.