Амангелді ауданының тарихына шегініс жасасақ, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің Жарлығымен Батпаққара ауданы 1928 жылдың 17 қаңтары күні құрылды. 1936 жылдың 13 қыркүйегінде күні 1916 жылғы Торғайдағы ұлт - азаттық көтеріліске 20 жыл толуына орай, ауданымызға халық батыры Амангелді Имановтың есімі берілді. Ғасырға жуық жасаған Амангелді ауданының құрылғанына биыл 97 жыл толды. Айтулы күнге орай, музей қызметкерлері Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына «Туған жерім - Батпаққарам» атты саяхат сабақ және музей залдарына экскурсия ұйымдастырылды. Іс - шараға қатысқан мектеп оқушыларына музей қорындағы XX - XXI ғасырлардағы ауданымыздағы әлеуметтік - экономикалық маңызы бар ғимараттардың және ел үшін жасалған елеулі оқиғалардың фото - суреттері қойылған «Арайлы Амангелді» тақырыбында көрме таныстырылды.