15.01 күні 17 қаңтар – Амангелді ауданының құрылған күні қарсаңында А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейінде «Зұлмат жылдар зардабы» жобасы аясында 1920-1950 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Амангелділіктердің тізімі жазылған «Тарихтың тауқыметті жылдары» атты жинақ кітапшаның ашылу рәсімі өтіп, тұсаукесері жасалды. Іс-шара барысында саяси қуғын сүргін көрген бабалар рухына құран бағышталды және Амангелді ауданынан саяси –қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестеріміздің деректері мен фотолары орналасқан «Зұлмат жылдар зардабы» тақырыбында көрме таныстырылды. Іс-шараның негізгі бөлімінде жинақ-кітапшаның Амангелді ауданының әкімі Қанат Уәшұлы және саяси қуғын-сүргін жерлестеріміздің ұрпақтары кітапша туралы өз пікірлерін білдіріп, жыршы Монтай Өтепбайұлы алаш арыстарының жырларынан үзінді айтып берді. Сонымен қатар, айтыскер ақын, Есір ауылдық клубының меңгерушісі Балтазар Тұрысбекұлы 30-шы жылдардың өленің оқып, музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының «Кісен ашқан» күйін Амангелді аудандық музыка мектебінің оқушысы орындады.