Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2024 жылдың 11-ші желтоқсан күні өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздік ұғымының мән-мағанасын ұғындыру, оны бағалауға, қорғауға тәрбиелеу мақсатында Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыбында музейлік сабақ өткізілді. Іс-шарада Қазақ елінің құрылу жылдарындағы Тәуелсіздік үшін жасалған тарихи деректерді музейдің әдіскері Ж.Т.Досбергенов баяндаған соң, мектеп оқушылары азаттық, еркіндік туралы мақал-мәтелдерді, тақпақтарды жатқа айтты. Одан кейін, 1986 жылғы Алматы қаласында болған желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлесіміз, Мырзағазина Бақыткүл Тұрғанқызының өмір жолы таныстырылып, анасы Мәрзия Мырзағазинадан алынған сұхбаты көрсетілді.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/472-elimizdi-erkindigi-t-uelsizdik-atty-muzejlik-saba-tti.html#sigFreeIdddcc4fa8d4