1 қазан – Халықаралық қарттар күні «Қарттарым – асыл қазынам»
атты кездесу кеші өтті.
Қадірлі ата-әжелер, бүгінгі «1 қазан – Халықаралық қарттар» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қарияларымыздың жүрген дана, дара жолдарынан үлгі ала отырып, жас ұрпаққа әрқашан даналықтың бастамасы болып жүрулеріңізді тілейміз. Қарттарымыздың өнегелі өмірін жас жеткіншектерге насихаттау мақсатында «Қарттарым - асыл қазынам» атты музей ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында Амангелді орта мектебінің оқушылары ата-әже туралы тақпақтар оқыса, музыка мектебінің оқытушысы Айдын Әлібеков Құрманғазының «Балбыруын» күйін тартып, әріптесіміз Әлібек Қарлығаш «Ауылым» әнін шырқады. Іс-шара қорытындысында музей басшысы ардагерлерге сыйлықтар табыстап, жылы лебізін білдірді.