23.08.2024 жылы А. Иманов атындағы музейде ауданның мүгедектігі бар жандардың қатысуымен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, маңызды жобаларды жариялау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Музей және ерекше әлем" интеракивті жобасы өткізілді. Іс- шара барысында қатысушыларға бейнеролик көрсетіліп, , кедергісіз кеңістікте өмір сүріп жатқандарын ұғындыру мақсатында түрлі интерактивті ойындар мен тапсырмалар дайындалды. Музей қызметкері Қарлығаш Әлібекқызының орындауындағы «Жақсы адамдарым» атты әнін тыңдап бірге орындады. Жоба соңында мұражайға экскурсия жасалып, жүректен жүрекке ыстық лебіз тілектерін білдіріп, музей қызметкерлеріне жағымды уақыт өткізгені үшін алғыстарын білдірді.