Биыл белгілі журналист, қоғам қайраткері Жұмабек Кенжалин туғанына 70 жыл толып отыр. Осы атаулы мерейтойға орай, 25 шілде күні А.Иманов музейі Амангелді аудандық Жастар ресурстық орталығындағы «Жасыл ел» жасағымен бірлесіп, ақпарттық сабақ өткізілді. Іс - шара барысында Кенжалин Жұмабектің өмірі, еңбек жолы жөнінде музейдің әдіскері Баймуханов Е. баяндап берді. Одан кейін, музейдің аудан тарихы залындағы Жұмабек ағамыздың экспозициядағы фото - суреттері көрсетіліп, отбасы мен шығармашылығы, туралы бейне ролик көрсетілді.