6 шілде еліміздің бас қаласы, елордамыз Астана қаласының туған күні қарсаңында музейге келушілерге Тәуелсіз еліміздің астаналарының тарихын таныстыру және еліміздің бүгінгі және өткен тарихына деген қызығушылықтарын ояту мақсатында А.Иманов музейінде «Қазақ елінің астаналар тарихы» тақырыбында көрме шығарылды.
 
Көрмеде Қазақ елінің бастауы болған Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыз, Қарахан мемлекеттері, Алтын орда, Ақ орда, Қазақ хандығы, Алаш орда тұсындағы еліміздің астаналарының тарихи картасы, фото - суреттері қойылды. Cонымен қатар, ХХ - ХХI ғасырлардағы астаналарымыздың тарихы жөнінде мәліметтер, қазіргі астанамыздың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, қазіргі келбетін баяндайтын Астана қаласының көрікті жерлерінің фото - суреттері орналастырылды.