1 маусым - Халықаралық Балалар күніне орай, дарынды, шебер балаларды анықтау және мектеп оқушыларының қолдан жасаған бұйымдарынан көрмелер ұйымдастыру үшін А.Иманов музейі қызметкерлері "Өзіміз жасап көрейік" атты шеберлік сабақты Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына өткізді. Сабаққа белсенді түрде қатынасқан, оқушылар қәзіргі замандағы түрлі технологиялар арқылы, сан түрлі маталарды, жібек, мақта, кендір тоқыма заттарды пайдаланып түрлі бұйымдар жасады. Атап кететін болсақ, сәнді түйме, білезіктер мен әмияндар,тоқыма картиналар және түрлі-түсті жүнен жасалған кәдесыйлар бар.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/448-1-mausym-khaly-araly-balalardy-or-au-k-ni-2.html#sigFreeId64332be2ce