2024 жылдың 21 - ші мамыр күні Қостанай қаласындағы Жастар сарайында облыс әкімі орынбасарының қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, «Рухани қазына - 2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Айта кету керек, салтанатты жиында А.Иманов атындағы мемориалдық музейі "Рухани қазына - 2024" Мәдениет және өнер қызметкерлерінің облыстық байқауында «Үздік аудандық маңызы бар музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.