Адамзат тарихындағы XX ғасырдың 1941 - 1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін 1418 күнге созылған зұлмат соғыстардың бірі болды. Ел басына күн туған шақта қан майданда ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Амангелді ауданынан аттанған 4872 жауынгердің 1600 - ден астамы алған жарақаттарынан майдан даласында қалса, 1600 - і хабар - ошарсыз кетті. Аман - есен елге оралған 1600 - ге жуық жауынгерлер соғыс салған жарақатқа қарамастан, еліміздің қайта өркендеуіне күш - жігерін жұмсады. Жылдар өтіп, ұрпақтар ауысуда, бірақ аталарымыздың ерлігі мәңгі жүрегімізде сақталады. Сіздерді Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз. Жер бетінде ешқашан соғыс болмасын! Жеңіс туы көкте желбіресін!
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/442-ly-zhe-iske-79-zhyl-2.html#sigFreeId7e2719e907