9 - мамыр Ұлы Жеңіс күніне ұйымдастырылған «Ерлік туын көтерген ерлер» тақырыбында мамыр айының 6 - 9 аралығында А.Иманов музейінің аудан тарихы залында музей қорындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары, медальдары, әр жылдардағы мерекелік фото суреттер, соғыс жылдарында шыққан түпнұсқа газет мақалалары көрмеге қойылды. 9.05 күні айтулы мерекеге орай музейде ашық есік күні болды. Осы күн аралығында музейге келушілер де аз болмады. Ұйымдастырылған көрмені тамашалап, өз пікірлерімен, білгендерімен бөлісті. Ел басына күн туған шақта қан майданда ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздерді Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтай отырып, келер жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығында еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тойлатуға жазсын! Жеңіс туы көкте желбіресін!