1992 жылы 7 мамырда еліміздің жоғары бас қолбасшы Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. 2012 жылы 4 қазанда Ел Парламенті «Қазақстан Республикасы мерекелер туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдап, 7 мамыр мемлекеттік мереке мәртебесін алған болатын. Осы атаулы күн қарсаңында еліміздегі Отан қорғаушылардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу үшін Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларына «Ерлер - ердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты ерлік сабағы өткізіліп, 9 мамыр - Ұлы жеңіс күніне шығарылған «Отты жылдар шежіресі», «Ерлік туын көтерген ерлер» тақырыптарындағы көрмелер таныстырылды. Іс - шараға қатысқан «Руханият» үйірмесінің оқушылары туған жер, ерлік жөнінде тақпақтар оқыды. Одан кейін Отан қорғаушылар күніне арналған бейне - роликтер көрсетіліп, Амангелді ауданынан ҚР - ның әскери қызмет орындарында жұмыс жасайтын жерлестеріміз таныстырылды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/440-7-mamyr-otan-or-aushylar-k-ni-erlik-saba-y-tkizildi.html#sigFreeIdfbcc2f25a0