1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында А.Иманов музейінде қазақ елінде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін, достығын насихаттау мақсатында 30.05 күні «Достығымыз жарасқан!» атты музей қорында сақталған фото - суреттерден көрме ұйымдастырылды. Іс - шараға аудан тұрғындары қатысып, музей қор сақтаушысы Д.Сейдагалиева Амангелді ауданында тұратын әр ұлт өкілдерінің тұрмыс салты жайлы және әр жылдары 1 мамыр мерекесін мерекелеу сәтіндегі фото - суреттерді таныстырып, мерекенің шығу тарихы жөнінде баяндап берді.