14 маусым күні "Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ - нің қолдауымен "Жастар азаматтық бастамалар орталығы" қоғамдық бірлестігі халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған “Ерлігі - елге өнеге” атты аймақтық конференция өткізді. Конференцияға А.Иманов атындағы музейдің басшысы Сахан Оңжанұлы қатысып, "Амангелді - ұлт батыры" тақырыбында баяндама оқыды.