9 мамыр күні Торғай мен Ұлытау өңіріне бағытталған «Амангелді батыр рухына тағзым» атты автожорық Амангелді ауданына келіп жетті. Жорықты ұйымдастырушы Торғай өңіріне белгілі азамат, кезінде Амангелді ауданының, Арқалық қаласының әкімі болған, қоғам қайраткері Жомарт Түбекбаев.
Автожорық құрамында жерлестеріміз Әлпейсова Камал, Анар Төлеухан, Болат Тілеген, Бекмағанбет Жанат, Амандық Әмірхамзин, Жазықов Әлібек, Еркін Мұзафарұлы болды. Экспедиция мүшелері тарихи орындарға тағзым жасап, батыр бабамыздың атындағы музейге ат басын бұрды. Музей басшысы Сахан Онжанұлы 1916 жылғы Торғайдағы көтеріліс және 95 жыл тарихы бар Амангелді ауданына байланысты жәдігерлермен таныстырды. 6 мамыр күні таңғы 5-те елордадағы Амангелді Иманов көшесінен бастау алған экспедиция Амангелді ауданында өз мәресіне жетті. Автожорық соңында Жомарт Түбекбаев А.Имановтың 150 жылдығына арналған символикалық жалауды музейге тапсырды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/362-amangeldi-batyr-rukhyna-ta-zym-atty-avtozhory.html#sigFreeIdd37fbc035c