Бүгін Амангелді Имановтың 150 жыл толуына орай Астана қаласында «Халық батыры» атты көрме, «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Көрмеде А.Иманов атындағы музейде орналасқан Амангелді батырдың оқшантайы, сырт киімі, жүгені, ертоқымы, ағаш кереуеті , әйелі Балымның мата белбеуі, шекелігі, мынбасы А.Қарабайұлының кісе белбеуі ұсынылды. Кең көлемде ұйымдастырылған іс-шара «Дала дауылпазы» атты концертпен жалғасты. Халық батырын келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Тобыл-Торғай өңірінің басшылары, батыр ұрпақтары, жерлестері және Амангелді батыр атындағы музейдің басшысы Төленов Сахан Онжанұлы қатысуда.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/347-batyrdy-biik-t-l-asy-tarikhy-zerttelui-a-i-aty-ta-yrybynda-konferentsiya.html#sigFreeId0439d0991a