Балалар жылына орай 14.06 күні А.Иманов атындағы мемориалдық музейі Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебімен бірлесіп, Жангелдин ауданына саяхат ұйымдастырдық. Мақсаты: саяхат жасау арқылы Торғай жерінің тарихын танып білуге және мектеп оқушыларын музейлер ішіндегі құнды жәдігерлер мен құндылықтарды өз көздерімен көріп, танысуға мүмкіндік жасау. Маршрутымыз Тәуіш ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі «Татыр шайқасы» болған жерге қойылған ескерткіштен басталды. А.Иманов музейінің ғылыми қызметкері Ж.Досбергенов ескерткіштің тарихын баяндап берді. Одан кейін Торғайдың Жангелдин музейлер кешенінің қызметкерлері Шақшақ Жәнібек, Ы.Алтынсарин, М.Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы, Ә.Жангелдин музейлерінің экспозициялық залдарына экскурсия жасады.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/280-tarikhy-tere-tor-aj-eline-sayakhat.html#sigFreeId99286488c1