15 ақпан күні – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күні.Ауған соғысында қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу және жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, мақсатында 15-ші ақпан күні «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым» атты ерлікті насихаттайтын тәрбие сағаты А.Иманов атындағы музейінде өткізілді. Іс-шараға Амангелді, Жангелді аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің аға лейтенантты Әбдірахман Әділжан Бекижанұлы және Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары қатысып, патриоттық өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, амангелділік ауған соғысының ардагерлерінің музейге тапсырылған майдан даласындағы фото-суреттері, мараппаттары қойылған «Ауған соғысының жаңғырығы» тақырыбындағы фото-көрме таныстырылды
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/258-au-an-so-ysyny-zha-yry-y.html#sigFreeId8d0ea29028