1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – еліміздің  Конституциясы қабылданып, «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын.

Осы салтанатты күн қарсаңында еліміздің Конституциясы тарихымен танысуды, яғни, «Тәуелсіздік тірегі - Ата заң» атты онлайн фото-көрмені ұсынамыз. Көрмеге ҚР Ата заң туралы мәліметтері мен фотосуреттері қойылды.

Конституция - халқымыздың еркін білдіретін елдің басты заңы ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастыққа және олармен адал қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын көрсетеді. Ең бастысы біздің бейбітшілігіміз бен тыныштығымыздың кепілі екенін естен шығармайық,ағайын.