Қазіргі таңда әдебиетті ардың ісі деп біліп, жыр әлемінде өзіндік өрнегімен өз оқырмандарының көңілінен шығып жүрген, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиет сыншысы, ақын – Жұма-Назар Сомжүрек ағамыздың туғанына 80 жыл толып отыр.
Маусымның 12 күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде Амангелді ауданындағы жазғы демалыс уақытындағы лагерь оқушыларына арналған «Жұма-Назар Сомжүректің туғанына 80 жыл» атты дәріс оқылды. Дәріс мақсаты: келешек ұрпаққа ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Сабақ барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, лирикалық өлеңдері мен рухты жырлары жинақталған «Сарыарқа сазы» атты екі томдық кітабын слайд арқылы көрсетілді. Алғашқы томға жырлары енсе, екінші томда поэмалары мен жазбаша айтыстары, теориялық еңбектері жинақталған. Сонымен бірге көпшілікке Ж. Сомжүрек сыншы, әдебиетші ретінде таныс екені бәрімізге мәлім.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/176-zh-ma-nazar-somzh-rekti-tu-anyna-80-zhyl-atty-d-risi-tti.html#sigFreeIdc90340bea8