2020 жылдың 8-ші маусым күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде Амангелді ауданындағы жазғы демалыс уақытындағы лагерь оқушыларына арналған «Тарихы терең өлке» атты дәріс оқылды.
Іс-шара мақсаты: Амангелді ауданының тарихымен өскелең ұрпақты таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Дәріс барысында слайд арқылы Амангелді ауданына байланысты әр жылдардағы маңызды оқиғалардан тарихи суреттер көрсетіліп, ауданымыздың құрылуы, қалыптасу кезеңдері жөнінде деректер айтылды.
https://amangeldymuseum.kz/kz/zha-aly-tar/175-tarikhy-tere-lke.html#sigFreeId4e6cf796ec